Мүмкіндігі шектеулі жолаушылар үшін

Send us a Message or Call Us

Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға қызмет көрсету

Түркістан халықаралық әуежайы авиакомпанияларға мүмкіндігі шектеулі жолаушылардың қозғалысына (мүгедектер арбалары, амбулифтер және т.б. ұсыну) көмек көрсету бойынша қызмет ұсынады. Әуежай аумағында мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға арналған қызметтер тегін көрсетіледі.

Осы санаттағы азаматтарға қызмет көрсету үшін алдын-ала өтінім беру міндетті шарт болып табылады. Өтінім авиабилетте көрсетілген ұшу/қону уақытына дейін 48 сағат бұрын берілуі тиіс.

Әуежайға келгеннен кейін мүмкіндігі шектеулі жолаушылардың автомашиналарына арналған вокзал маңы алаңындағы арнайы тұрақта орналасқан шақыру орны арқылы хабарласу, әуежайдың ақпарат бюросына  жүгіну немесе 8 (7172) 702-999 телефон нөміріне қоңырау шалу қажет.

Төмендегі ақпаратты оқып шығыңыз, бұл сіздің сапарыңызды ыңғайлы және жағымды етеді:Сапарға дайындық

Сіз немесе Сіздің отбасыңыз осы санаттағы жолаушылар қатарына жатсаңыздар және ұшуды жоспарласаңыздар, авиабилеттерді брондау және сатып алу кезінде міндеті түрде Сізге әуежайда және ұшу кезінде арнайы қызмет және көмек керек екенін хабарлаңыз. Осы қызметтер қажет болған жағдайда авиатасымалдаушыға немесе авиабилеттерді сату жөніндегі агентке сатып алу кезінде, бірақ ұшуға 48 сағат қалғанға дейін хабарлау керек. Жолаушының физикалық жағдайы ұшу қауіпсіздігіне қауіп төндіретін жағдайда тасымалдаушы тасымалдаудан бас тартуға құқылы.