Рейске тіркеу туралы ақпарат

Send us a Message or Call Us

Рейске тіркеу туралы ақпарат

Ішкі рейстермен ұшып шығатын жолаушылардың билеттерін тіркеу және багажын ресімдеу терминалдың бірінші қабатында орналасқан №1-5 тіркеу бағандарында, халықаралық рейстер бойынша тіркеу №6-10 тіркеу бағандарында жүргізіледі. Сондай – ақ сервистік қызмет көрсетудің әрбір залында-VIP, CIP (Ішкі/халықаралық рейстер үшін) жолаушыларды тіркеуге арналған жеке тағандар бар. Әуежайдың VIP және CIP залдары ерекше санаттағы жолаушылар үшін рейсті күтуге және ұйымдастырушылық, кедендік және шекаралық шарттылықтардан өтуге барынша жайлы жағдай жасайды.

Тіркеудің бүкіл процесі TRAVSYS DCS жүйелерін және басқа авиакомпаниялар жүйелерін қолдана отырып, автоматтандырылған тіркеу әдісімен жүзеге асырылады.

Халықаралық рейстерге тіркелу әдетте ұшудан 3 сағат бұрын басталады және ұшудан 40 минут бұрын аяқталады. Ішкі рейстер бойынша рейстерге тіркеу ұшудан 2 сағат бұрын басталады және ұшудан 40 минут бұрын аяқталады.

Багажды тегін алып жүрудің белгіленген нормасынан тыс алып жүргені үшін, ақы төленуге жататын өзге де багаж тасымалдаушы белгілеген тариф бойынша ақы алынады. Мұндай багажды тасымалдауға ақы төлеу үшін жолаушы рейске тіркелу кезінде авиакомпания өкіліне, ал ол болмаған жағдайда тіркеу бағандарындағы агенттерге жүгінуі қажет.

Билеттерді ресімдегеннен кейін жолаушылар қонуды бақылауға алынады, ол сондай-ақ тіркелген жолаушылардың барлығы ұшаққа қонуға өткенін анықтауға көмектесетін автоматтандырылған жүйенің көмегімен жүргізіледі.