Жануарлары бар жолаушыларға

Send us a Message or Call Us

Жаруарлары бар жолаушыларға

Үй жануарыңызбен бірге саяхаттайсыз ба?

Иттер, мысықтар, құстар және басқа жануарлар тасымалдауға тек ересек жолаушылардың ілесіп жүруімен және тасымалдаушымен алдын ала келісу арқылы қабылданады. Жолаушы барлық елдердің ветеринарлық органдары сол бағытта талап ететін сертификат пен басқа құжаттарды ұсынуы қажет. Жануарлар мен құстарды тасымалдау үшін жолаушы ауа кіретін, сіңіргіш материалмен қапталған су өткізбейтін түбі бар контейнерді қамтамасыз етуге тиіс. Құстардың торлары тығыз жарық өткізбейтін матамен жабылуы тиіс.
Алып жүретін жануарлардың, контейнерлердің және тамақтың салмағы багажды тегін алып жүру нормасына кірмейді және Тасымалдаушының нормативтік актілерінде белгіленген тариф бойынша төленеді.
Егер жануардың салмағы тормен бірге 8 кг-нан асса, мұндай жануар әуе кемесінің оқшауланған жүксалғышында тіркелген жүк ретінде ғана тасымалданады. Егер ұшуды оқшауланған жүксалғышы жоқ әуе кемесі жасаса, онда жануарлары бар тор қатар отырған жолаушылардың келісімімен жолаушылар салонында орналастырылады.
Бағыттаушы иттер, иттің қарғысы мен тұмылдырығы  болса және ол иесінің аяғына байланған жағдайда, жүкті тегін тасымалдау нормасынан тыс торсыз тегін тасымалданады.