Әлемге ашылған Түркістан қақпасы! Халықаралық Түркістан әуежайынан алғашқы рейс 1 желтоқсан күні «Fly Arystan» авиакомпаниясы арқылы жүзеге асты.
Осылайша, Халықаралық Түркістан әуежайының жұмысы Нұр-Сұлтан қаласынан Түркістан қаласына бағыт алған «Fly Arystan» авиакомпанисының рейсімен басталды.
YDA Group төрағасының айтуы бойынша, Түркістан халықаралық әуежайы рекордты 11 ай мерзімі ішінде салынып бітті. Әуежай посткеңестік мемлекеттер арасында Гринфилд түріндегі нөлден бастап салынған тұңғыш әуежай болып саналады. 28 қыркүйек күні Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың қатысуымен салтанатты түрде ашылған әуежайымыз Түркістанның әлемге ашылған қақпасы болуға мүмкіндік береді
.
«YDA ретінде айтарымыз Біз Қазақстанды екінші Отанымыз ретінде қабылдаймыз. Біздің алғашқы мемлекеттік-жеке серіктестік жобамыз 2007 жылы салынып, қазіргі кезде жұмысын қарқынды түрде жасап жатқан Ақтау халықаралық әуежайы. Бүгінде біз Түркістан әуежайында алғашқы жолаушыларымызды қарсы алғанымыз үшін өте қуаныштымыз және Ақтау қаласындағы әуежайымыз сияқты Түркістан әуежайы да сәтті жобаларымыздың қатарын толықтыратынына сеніміміз мол. Ұлы Қазақ даласында Қазақ-Түрік бауырластығының символы болатындай әлі де көптеген жобаларды жүзеге асырамыз деген ойдамыз. Түркістан әуежайының өсіп өркендеуіне шын жүректен тілектеспін.»,- деді Хусейн Арслан.
Жылына 3 миллион жолаушы тасымалына қабілетті әуежайымыз туризмді дамытуға өте үлкен мүмкіндік береді. Түркістан халықаралық әуежайы 905 га көлемін қамтиды, ұшу-қону жолағы 3300 м., 2 рулежді жолақ, 1 қызмет көрсету алаңы, 7 үлкен көлемді әуе кемесін сыйдыра алатын перрон, терминал мен өндірістік ғимараттар аумағы 25 мың шаршы метрді құрайды. Алдағы уақытта, Түркістан халықаралық әуежайынан Стамбул, Мекке, Баку, Москва және Дубай қалаларына рейстер ашу жоспарланып отыр.