Медпункт
Жолаушылар терминалының бірінші қабатында тәулік бойы медициналық пункт жұмыс істейді, онда алғашқы көмекті тегін алуға болады.
Медпункт келесі қызметтерді көрсетеді:
1) аэровокзал кешенінің аумағындағы жолаушыларға және әуежай қызметкерлеріне алғашқы медициналық көмек.
2) экипаж мүшелерің ұшу алдындағы медициналық бақылауы.
3) әуе көлігін пайдалану кезінде медициналық қарсы көрсетілімдер мәселелері бойынша жолаушыларға Консультация беру.
4) жүріп-тұруы шектеулі немесе сырқаты ауыр зембіл жолаушыларын ұшақ бортына жеткізу және бортынан алу кезінде медициналық көмекті ұйымдастыру және көрсету.
5) әуежайдың жауапкершілік аймағында санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылықты қамтамасыз ету.