Шекаралық бақылау
Құрметті жолаушылар!
2010 жылғы 2 сәуірдегі № 261-IV «Атқарушылық іс жүргізу және сот жүргізушінің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33-тармағына сәйкес, борышкер атқару құжаттың мазмұнында бар талаптарды дәлелсіз себептермен орындамаған жағдайда, сот орындаушысы борышкердің Қазақстан Республикасы аумағынан шығуына уақытша шектеу қою туралы қаулы шығаруға құқылы, ал өндіріп алушының өтініші бойынша міндетті.
Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің қызметкерлері атына түсініспеушілік және наразылықты болдырмау мақсатында, Қазақстан Республикасы аумағынан тыс жерге ұшар алдында Қазақстан Республикасының аумағынан шығуға уақытша шектеу қойылған борышкерлер тізімінде Сіздің бар, жоқтығыңызды анықтау үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің www.adilet.gov.kz ресми сайтына жүгінуіңізді сұраймыз.
ҚР ҰҚК Шекара қызметінде шектеу тізімі туралы ақпарат жоқ.
Құрметпен, Қазақстан Республикасының ҰҚК Шекара қызметі.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасындағы визалық бақылау тәртібі
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасындағы визалық бақылау тәртібі Қазақсатан Республикасы мен басқа мемлекеттер арасындағы халықаралық келісімдерге байланысты.
Бұл келісімдер мерзім сайын өзгеріп тұрады. Толық және нақты ақпаратты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің консулдық мекемелері, сіздің елдегі Қазақстан Республикасы елшіліктерінде алуға болады.
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми интернет-сайты – www.mfa.kz.
Тұлғалардың Қазақстан Республикасына келуге және Қазақстан Республикасынан шығуға құқық беретін жарамды құжаттары, көлік құралдары, тауарлар мен жүктердің құжаттары бар болғаны тұлғалардың, көлік құралдары, жүк пен тауарлардың Мемлекеттік шекарадан өтуіне негіз бола алады.
Қазақстан Республикасының заңнамасымен Қазақстан Республикасы азаматтарының шекарадан өтуі үшін мынадай құжаттардың түрлері белгіленеді:
- Қазақстан Республикасы азаматының паспорты
- дипломаттық паспорты
- қызметтік паспорты
- жеке куәлік
- теңізші паспорты
- әуе кемелері экипаж мүшелерінің (көлік ұйымы қызметкерінің) куәлігі
- шекаралық табыстау поездары қызмет көрсету персоналының куәлігі
- үкіметаралық фельдъегерлік қызмет қызметкерінің жеке куәлігі
- туу туралы куәлігі
- Қазақстан Республикасына қайту куәлігі
Қазақстан Республикасының кәмелеттік жасқа толмаған 16 жасқа дейінгі азаматтары, егер олар ата-аналарының (қорғаншыларының, қамқоршыларының) құжаттарында жазылған болса, шекарадан өте алады. Бұл ретте 3 жастан асқан балалар болса, фотосуреті жапсырылуы тиіс. Қазақстан Республикасының кәмелеттік жасқа толмаған азаматтарының, олардың өтініштері бойынша уәкілетті органдардың азаматтардың жас мөлшеріне қарамай берілген Қазақстан Республикасы азаматының паспорты бойынша шекарадан өту мүмкіндігі бар.
Қазақстан Республикасы мен шекаралас мемлекет арасындағы келісім негізінде Қазақстан Республикасы мен шекаралас мемлекет азаматтары үшін Қазақстан Республикасына кіруге және Қазақстан Республикасынан шығуға құқық беретін құжаттарды анықтау бойынша Мемлекеттік шекарадан жеңілдетілген өткізу тәртібі белгіленуі мүмкін.
Мемлекеттік шекара арқылы тұлғалар, көлік құралдары, жүктер мен тауарларды өткізу шекаралық бақылауды, яғни: тұлғалар, көлік құралдары, жүктер мен тауарларды өткізу негіздерінің тексерілуін, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы аумағына әкелуге немесе Қазақстан Республикасынан шығаруға тыйым салынған жүк пен тауарларды анықтау және ұстау мақсатында көлік құралдары, жүк және тауарлардың тексерілуін жүзеге асыруды қамтиды.
Шетелдіктердің және азаматтығы жоқ тұлғалардың Қазақстан Республикасында болуы бойынша ақпарат
Құрметті астананың қонақтары!
2020 жылғы 11 қаңтардан бастап, Қазақстан Республикасында болатын барлық санаттағы шетелдіктердің уақытша тіркеуі тоқтатылғандығын Сіздерге хабарлаймыз.Болуы 30 тәуліктен асқан жағдайда шетелдікке уақытша болуға рұқсаттама ресімделеді.Қазақстан Республикасына келген иммигранттың уақытша болу мерзімі виза алуды талап етпейтін тәртіпте Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын өткен күннен бастап, 30 күнтізбелік күннен аспауы қажет, Қазақстан Республикасының тиісті тараппен немесе Қазақстан Республикасының Үкіметімен келісімі арқылы басқа тәртіп белгіленбеген жағдайда әр 180 күнтізбелік күн кезеңі ішінде жалпы 90 күнтізбелік күн. Шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғаларға арналған көші-қон карталары 2020 жылғы 11 қаңтардан бастап тоқтатылды.
Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалардың Қазақстан Республикасы аумағында тіркелу тәртібі бойынша Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Ішкі істер департаментінің ресми интернет-сайтынан – www.dvdastana.kz ақпарат алуыңызға болады.