Түркістан халықаралық әуежайын Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ашқан болатын.
Әуежай Елбасымыздың жоғары бағасына ие болды. YDA Group төрағасының айтуы бойынша, Түркістан халықаралық әуежайы рекордты 11 ай мерзімі ішінде салынып бітті. Әуежай посткеңестік мемлекеттер арасында Гринфилд түріндегі нөлден бастап салынған тұңғыш әуежай болып саналады. «Мемлекеттік-жеке серіктестік негізінде және YDA Group компаниясының жеке қаржысына салынған Түркістан халықаралық әуежайы аймақтың әлемдік туризмге есік ашуына мүмкіндік береді. Халықты жұмыспен қамту арқылы аймақтың экономикалық дами түсетініне сеніміміз мол. Жоба құрылысы кезінде 1500 жұмыс орны ашылды, оның 1300 Қазақстан азаматтарына арналды. Әуежай ашылғаннан соң Қазақстан азаматтары үшін 750 жұмыс орны болады. Біздің екінші Отанымыздай болған Қазақстан елінде сәтті жобаларымыздың қатарын толтырған Түркістан халықаралық әуежайының ашылуына қуаныштымыз»,- деп атап өтті Хусейин Арслан.