Түркістан халықаралық әуежайы «PRIX VERSAILLES» премиясында марапатқа ие болып, «Әлемдегі ең әдемі әуежайлар» атағын алған әуежайлар қатарына енді. Қазақстан бұған дейін ешқашан лауреат атанбағанын ескерсек, бұл ең алғашқы жетістік.
«YDA Group» әуежай компаниясының аймақтық менеджері және TIA техникалық директоры Танер Атаеридің айтуынша. марапат Франциядан Түркістанға қарай жол тартқан. Айдың соңында жеткізілмек.
Версаль сыйлығы — бұл сәулет және дизайн саласындағы Дүниежүзілік марапат. Шығармашылық, өнер және экономика бағыттарының ұштасуы деп те айта аламыз. 2015 жылы Париждегі ЮНЕСКО штаб пәтерінде құрылғаннан бастап, архитектуралық премия жыл сайын беріледі. Джером Гуаден негізін қалаған. Сыйлықты Версаль дүниежүзілік ұйымы ұйымдастырады.
Бастапқыда дүкендер, қонақ үйлер, мейрамханалар, сауда орталықтары сыйлыққа ие болса, 2017 жылдан бастап кампустар мен вокзалдар, 2019 жылы спорт санаттары ашылған. Әуежайлар сыйлығы 2020 жылы қосылды.